KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Бала тәрбиесі жөнінде 9 өсиет

Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сонымен бірге, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. Мысалмен айтатын болсақ, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу» деп, өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің жасағанын/жасамағанын істейді.
Мәдениет
2018-04-18

Бұл кезде тәрбие берудегі қақтығыс – «ережелік» талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады. Осы қайшылық түсінбеушілік пен қарсылықты туғызады. 

Ата-аналарға арналған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті

  1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп, оған қоса, сенің қалауыңдағыдай болады деп күтпеу керек. Тәрбие бала үшін сен болуға емес, өзіндік ерекше болуға көмектесуі тиіс.
  2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрау қажет емес: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.
  3. Тәрбиелеу процесінде бар өшіңді балаңнан алу дұрыс емес, өйткені не ексең, соны орасың.
  4. Балада туындаған мәселелерді түкке тұрмайтын нәрсе деп қарау жөн емес: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі өзіндікімен бірдей болады. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.
  5. Тәрбие беруде баланы мұқатып кемсітпе.
  6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – ол бөлек әңгіме.
  7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы.
  8. Біреудің баласын сүйе білу керек. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.
  9. Бала қандай болса да, оны сүйе білу қажет; балаңмен қарым-қатынаста қуануға ұмытпа, өйткені балаңның жанында болу – бұл өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.

Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар бізді де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Ал бұл - тәрбиелеудің негізгі мақсаты.

yvision.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз