KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Ойыншықтардың бала өміріндегі алар орны

Бала өмірінде ойыншықтардың маңызы өте зор. Себебі, ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, көңіл-күйі көтеріледі.
Мәдениет
2018-04-16

Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді:

  1. бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар;
  2. бір жастан үш жасқа дейінгі;
  3. үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас);
  4. алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы);
  5. оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы).

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі сылдырмақтар болып келеді. Олар мүмкіндігінше ірі, ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі бір деңгейде болуы керек. Бір жастан аса, қуыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т.б. қолданыла бастайды.

Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тілі дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделі, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар белгілі рөл атқаратын ойындарға (дәрігер, мұғалім, сатушы т.б.) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау денсаулық сақтау министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі.

Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары:

  1. Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының оң нәтижесі бар ойыншықтар жатады;
  2. Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының, балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде, олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеруден өтіп отырады;
  3. Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек;
  4. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металдан жасауға тиым салынады;
  5. Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан дайындалуы керек;
  6. Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы шарт. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі қажет;
  7. Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр;
  8. Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы шарт;
  9. Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электрлі ойыншықтар күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.

Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен алынып тасталуы қажет. Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек.

Wikibooks

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз