Ұлы іс отбасынан басталады
Мұндағы дерекке сенсек, мың адамға шаққанда Қазақстандағы ажырасу көрсеткіші – 2,7-ге тең. Зерттеу нәтижесіне сай, бірінші орында 5,3 көрсеткішімен АҚШ иелігіндегі Гуам аралы тұр. Ал, көршіміз Ресей 4,7 көрсеткішімен екінші, 4,1 көрсеткішімен Беларусь мемлекеті үшінші орында. Қырғызстан бұл тізімде 48-орыннан көрінген. Бұл елде мың адамға шаққандағы ажырасу – 1,7 болса, Қытайдыкі – 1,8 екен. Халқының саны жөнінен бізді он орап алатын елдің де алдына түсіп алғанымызға қарап ажырасудан қаншалықты алға шығып кеткенімізді пайымдауға болатын секілді.
Некелері қиылғанымен, босағасы бекімей шаңырағы шайқалып, ажырасып жатқандар көбейіп барады. «Отбасының сақталуы үшін мемлекет тарапынан қолдау керек» дейді кей мамандар. Расында да, еліміздегі отбасы институтының құлдырағаны соншалық – бүгінде ерлі-зайыптылар арасында жаға ұстатарлық оқиғалар көбейген. Ері әйелін өртей салу, өлтіруге тапсырыс беру, бірін-бірі пышақтап тастау түк болмай барады. Статистикалық мәліметтер бір жыл ішінде отау құрғандардың үштен бірі ажырасып кетеді деп отыр. Соңғы бес жылда Қазақстанда 700 мыңға жуық отау тігілсе, оның 300 мыңдайы ажырасып үлгерген. Яғни, қиылған некенің тең жартысы жоқ деуге болады.
Отбасы. Бұл сөздің астарында әр адам өмірінің маңызды бөлігі жасырынып жатыр. Жақын адамдар, туысқандар, ата-ана, ағалар, балалар, немерелер..... Яғни өміріміздегі қуанышты, қайғыны, жетістіктер мен құлдырауларды, армандарды бөлісетін адамдар. Адам өмірінде мықты және сүйікті отбасы бар адамның бақытынан асқан ештеңе жоқ шығар.
Отбасылық бақыт неден байланысты болуы мүмкін? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Әрбір ұзақ өмір сүрген отбасылардың өзіндік құпиясы, өзіндік ережесі бар. Жаңадан отау құрған отбасылардың барлығы соқтығысатын уақыты болады. Сол уақыттың тек 8 жылға таяу ғана уақытын өткір кезеңдер деп көреміз
Бірлескен өмірдің дағдарыс уақыты. Әдеби тілмен алғанда «Диада» деген терминмен атақты. Дағдарыс уақыты уақытпен алғанда жұптардың алғаш отау құрған кезінде болады. Бұл күрделі кезеңнің болу себебі қорытындылай келгенде, жұптардың бұрын болмаған проблемалары, әр түрлі өзіндік үйреністер, өмірлік образдары және дәстүрлерімен байланысты. Отбасы құруға бел байлаған адамдар басынан қандай дәстүрлермен, үйреністермен және әрбірінің әлеуметтік мәртебелері өзгеретіндігі туралы келісіп алулары керек, және де отбасылық шекараны, үйреністерді, өмірдің мәндерін, қаржы мәселелерін шешіп алғаны абзал.
Екінші қауырт дағдарыс кезеңі – нәрестенің өмірге келуі. Ол екі жастың ерлі-зайыпты ғана болуы ғана емес, ата-ана болуымен байланысты яғни, жаңа міндеттер, жаңа рөлдер, қарым-қатынастың өзгеруіне ықпал етеді. Жас ана көбінесе кішкентай отбасы мүшесіне көңіл бөліп еріне уақытын аз болуымен де байланысты болады. Бұл дағдарыс кезеңі нәрестеге бірлесіп күтім жасаған отбасыларда жеңіл өтеді.
Үшінші дағдарыс балалардың бірінші жасөспірімдік кезеңімен байланысты. Бұл кезеңді өту үшін ерлі-зайыптылар өз баласына басқа қырынан қарауға міндетті. Жасөспірім қыз бала немесе ұл бала жаңа өмірге аяқ басады, бұл дегеніміз - балаға үлкендерше қарау керек екендігін ескертеді. Барлығы оңай болып көрінгендей болады бірақ, отбасы мүшелері арасында қаншама жанжал, келіспеушілік, түсінбеушіліктер болады.
Баланың өз ұясынан ұшып кетуі. Балалар ер жетеді, жан-жаққа тарайды, оқуға кетеді, әрқайсысы өз отбасын құрады. Ол да тағы бір маңызды кезең болып табылады. Ата-аналары өздерін еске алып өздері үшін өмір сүруге тырысады. Балаларынсыз өмір сүруге бейімделе бастайды.
Дәл осы дағдарыс кезеңінде ажырасулар болады. Отбасын сақтап қалу үшін екі адамның да тілектері бір болуы керек. Әрбір дағдарыс кезеңінде маңызды сәттер, жаңа талаптар, жаңа функциялар, жаңа рөлдер болады. Басқаны тыңдай білу, әр нәрсенің өзіне қаншалықты маңызды екенін айта білу және оның жағымды болуы, жұбайына қолдау көрсете білуі, сыйлауы, отбасының бірге қалуына ықпал етеді. Жұбайының қөзқарасын, мақсатын, құндылықтарын, және міндетті түрде отбасын сыйлау. Дәл осы күрделі емес ережелер отбасының көп жылдар бойы бақытты өмір суруіне мүмкіндік береді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз