Ұлы іс отбасынан басталады
Салтанатты шараның ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, сөз сөйледі.
Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай ауқымды шара елімізде соңғы рет 1973 жылы өткен. Араға жарты ғасырға жуық уақыт салып ел ордасы - Астана Форум қонақтарына құшағын айқара ашып отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтіп жатқан Форумға Еуразия құрлығының белді қаламгерлері шақырылған. Өз кезегінде жаңа замандағы әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерін ел ордасы – Астанада қарсы алу ұлтымыз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік-деді ол.
Түрлі мемлекет өкілдерімен мәдени және әдеби байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі шараның орны ерекше. Мемлекет басшысы «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деген еді.
Бүгінгі шара, мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлем жұртшылығына таныстыру үшін берілген бірден-бір мүмкіндік деп айтуға толықтай негіз бар.
Форум елордамыздың 20 жылдығына арналып, Еуразия халықтарының көркем әдебиетін танымал ету, ұлттық мәдениет өкілдерінің арасындағы байланысты нығайту, бірыңғай еуразиялық әдеби кеңістікті қалыптастыру, сондай-ақ, жастар арасында таланттарды анықтау мақсатында өткізіліп отыр.
Алқалы жиын халықаралық ынтымақтастық пен мәдени сұхбаттарды дамытуға арналған ең ірі әдеби жоба болмақ.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз