Ұлы іс отбасынан басталады
Байқау мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды бейнелейтін ең үздік монументті мүсін эскиздерін таңдау. Орнатылатын мүсін өткен жылы 135 жылдық мерейтойын атап өткен SANTO («Химфарм» АҚ) зауытының жаңа нышанына айналмақ.
Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайымен серіктесе отырып, қазақстандық фармацевтика өндірісінің көшбасшысы SANTO компаниясы байқаудың бастамашысы әрі бас демеушісі ретінде қолдау көрсетті. Байқау қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы аталмыш байқау бизнес пен өнер арасындағы әлеуметтік серіктестіктің жарқын үлгісін көрсетті деп атап өтті.
Барлығы 60 өтінім түсіп, оның ішіндегі 40 жоба жартылай финалға өтті. Байқау ұйымдастырушысы Жанна Мәмбетованың айтуынша, «ғылым және өнер тақырыбына арналған республикалық байқауға қатысу суретшілерді шығармашылық тұрғыдан дамытып, қазіргі заманда өзекті тақырыптарға өзінің ішкі дүниетанымын әкелуге ынталандырады».
Марапаттау салтанатында үш жүлделі орынды иеленген жеңімпаздардың есімдері белгілі болды:
1-орын – Шоқан Төлеш, «Адам және табиғат» жобасы үшін;
2-орын – Астанадан қатысқан «Қаз Арт» шығармашылық комбинаты (Баймұханов Мейрам, Затинова Ұлмекен, Любарский Дмитрий), «Витрувиандық адам» жобасы үшін;
3-орын – сәулетші Сәкен Нарынов, «Даланың тумасы» жобасы үшін.
Байқаудың бас жүлдесіне Алматыдан қатысқан Үсенбаев Дулат, Бүркітбаев Айдос, Бегулиев Қанат, Тоқбаев Әлімжан сынды мүсіншілерден құралған жас шығармашылық команда «Болашаққа көзқарас» жобасы үшін ие болды.
Бас жүлде иегерлері өз мүсінін жасап шығару мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ақтық сыннан сүрінбей өткен қатысушылардың жобалары байқау өлшемдері мен тақырыбына сәйкес келеді, өзінің бірегей идеясымен, композициясының тұтастылығымен әрі бейнелілігімен ерекшеленеді, сондай-ақ, жобалар тағайындалған сәулеттік және саябақтық ландшафтқа сәйкес ұсынылған. Жүлделі орындардың жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа ие болды. Байқаудың барлық қатысушылары бірегей дизайнда безендірілген каталогпен және сертификатпен марапатталды.
«Байқау Қазақстанның көркемөнершілер тарапынан зор қызығушылыққа бөленіп, көптеген тамаша мүсіншілерге өз жұмыстарын ұсыну үшін шабыт бергенін мақтан тұтамын. Бұл байқау бүгінгі салтанатпен аяқталмайды деп атап өткім келеді»,- деді Polpharma тобы Бақылау кеңесінің хатшысы, «Starak Family Foundation» Қорының президенті Эльжбета Джиковска.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз