KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Халықаралық торт күні

Бүгін – Халықаралық торт күні (International Cake Day). Бұл күнді күнтізбеде қызыл бояумен белгілеудегі басты мақсат – әлем елдерін бейбітшілікке, адамдарды достыққа шақыру. Мейрам «I cake you» ұранымен өтеді. Яғни, «Мен сізге тортпен барамын» деген мағынаны білдіреді.
Жаңалықтар
2018-07-20

Торт - ұлттық дастарқан мәзіріне кейіннен кірген дәстүрлі тағам түрі. Әлемге бейбіт өмір тілеген бұл мейрам Миландағы «Махаббат патшалығы» деп аталатын ұйымның бастамасымен алғаш рет 2009 жылы атап өтілген екен. Ұйым құрамында өнер жұлдыздары, саусағынан бал тамған аспаздар болғаннан кейін алғашқы мереке өте жоғары деңгейде өткен. Кейін  2011 жылы 20 шілдеде халықаралық деңгейде өтіп, әлем елдеріне тарала бастаған.

Халықаралық торт күнін өткізу тек керемет көңіл-күй сыйлап қана қоймай, сонымен қатар, елдер арасындағы жақсы қарым-қатынас, бейбітшілікте өмір сүру мақсатын да меңзейді. Бүгінде, әлем елдерінің қоғамдық және мәдени өмірінде аталмыш мейрам елеулі орын алды.

Бұл жарқын мереке бұқаралық ақпарат құралдары, форум, блог және әлеуметтік желілерде  кеңінен таралып, әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы фото, бейнематериалдар жарияланады. Достық пен бейбітшілік идеяларын таратуды мақсат еткен бұл мейрам  әлемдегі барша азаматқа көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияларды сыйлап, оны атап өту тамаша бір дәстүрге айналарына ұйымдастырушылар зор сеніммен қарайды.  

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз