Ұлы іс отбасынан басталады
«Пайдалы тамақтану мектебі» бірегей білім беру бағдарламасын «Нестле» компаниясы 2014 жылдан бастап Қазақстанда сәтті жүзеге асырып келеді, жыл сайын Алматы мен Астана қалаларының 40 мектебі қамтылады екен. Бүгінде бұл бағдарламаға 170 мектеп және 17 000 бала қатысқан. 2018 жылы Астана және Алматы қалалары Білім басқармаларының қолдауымен қаланың 20 мектебі бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша 2018-2019 оқу жылында жобаға Астана мен Алматының 60 мектебі, яғни 10 000 аса бала қатыспақшы.
«Бағдарлама сыныптан тыс сабақтар, тәрбие сағаттары және мектептегі басқа да іс-шаралар арқылы енгізіледі. Бұл бірегей дәптер, бұдан басқа мұндай оқу құралы жоқ. Ол оқушылардың пайдалы тамақтану формулаларын оңай меңгеруіне көмектесетін ойын тапсырмаларының жүйесі түрінде берілген. Балалар нәрлі, пайдалы өнімдер мен тағамдар, тамақ рационын жасау негіздері, гигиена ережелері туралы ақпаратты жеңіл, ерікті түрде алады, дастарқан жаюды және әдеп ережелерін сақтауды үйренеді. Осындай қомақты әрі өте пайдалы білім қорын ойын түрінде игереді» — деп түсіндірді оқу құралының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, білім беру саласының құрметті қызметкері Өрік Иманғожина.
Бұл жобаның маңыздылығына жүргізілген әлеуметтік зерттеу мәліметтері де септігін тигізді. Өскелең ұрпақтың көптеген ауруы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан орын алып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, аурудың 80%-ы белгілі бір деңгейде тамақтануға байланысты, ал сырқаттың 40%-ы дұрыс тамақтанбаудың тікелей салдары. Пайдалы тамақтанудың қарапайым әдеттеріне балалық шақтан бастап дағдыландыру қажет. Қазақ тағамтану академиясының мәліметтері бойынша, республикадағы 6-14 жас аралығындағы балалардың тең жартысы темір тапшылығы анемиясына шалдыққан екен. Оқушылардың 21,7%-ы артық салмаққа ие. Бастауыш сынып оқушыларының 50%-ы күніне үш реттен де аз тамақтанады екен. Олай болса, пайдалы тамақтану дағдысын қалыптастыруда баланың отбасы маңызды рөл атқаруы тиіс.
Айта кететін бір жайт, Қазақстанның «Пайдалы тамақтану мектебі» бағдарламасының аясында Ресей, Беларусь, Өзбекстан ғалымдарымен және педагогтарымен халықаралық ынтымақтастық өркендеп жатыр.
«Пайдалы тамақтану мектебі» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде «Нестле» компаниясы балалар мен олардың ата-аналарының арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырып жатыр және дені сау ұрпақ тәрбиелеу деген әлеуметтік маңызды мәселелердің бірін шешуге өз үлесін қосуда. Жобаны ұйымдастырушылар Қазақстандағы балалардың дені сау болып, биік шыңдарды бағындыру үшін бағдарлама әрі қарай дамитынына сенімді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз