Ұлы іс отбасынан басталады
Бұл күн әлемдегі барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні ретінде саналады. Қай ұлттың дәрігері болмасын, оның басты мақсаты – пациенттердің денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылатыны сөзсіз.
Дәрігердің міндеті аянбай еңбек етуді, адамдарға деген асқан мейірімділікті талап етеді. Ол өз өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін де жауапкершілікті мойынына алады.
Дәрігер тек қана емдеумен айналысып қана қоймай, түрлі аурулар мен жарақаттану кезінде диагностикалау және алдын алу шараларын жүргізеді. Диагнозды дұрыс қою, ауруға зерттеу жүргізу, әр пациенттің бабын табу және кәсіби ем тағайындау – бұл медицина саласындағы дәрігер бойынан табылатын үлкен өнер.
Бүгінде елімізде тек ауырған жандардың ғана емес, халықтың денсаулығына қамқорлық танытатын әмбебап отбасылық дәрігерлердің саны артып келеді. Себебі, отбасылық дәрігердің сапалы медициналық қызмет көрсету мен халық денсаулығын нығайтудағы рөлі ерекше. Денсаулық сақтау желісі дамыған Ұлыбританияда осы саладағы жүйенің барлығы тұтастай отбасылық дәрігерлердің жұмысына сүйенеді.
Қазақстандағы отбасылық медицинаның дамуы Алматыда алғашқы отбасылық дәрігерлер бөлімшесі бар отбасылық типтегі емхана ашылған 1989 жылдан басталды.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз