Ұлы іс отбасынан басталады
Аталмыш конференцияға Ұлттық комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің нығайту ісінде Қазақстан әйелдерінің елеулі рөл атқарғаны туралы сөзіне баса назар аударды.
«Мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығының бірі - ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері. Қазақстанның отбасылық-гендерлік саясат саласындағы жетістіктері мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бизнес қоғамдастықтың өзара тиімді іс-әрекеті нәтижесінде қол жеткізілді», – деді Г. Әбдіқалықова.
Сондай-ақ қоғамда әйелдердің саясаттағы үлесінің артқаны да сөз болды.
«Бүгінде депутаттардың жалпы санының 22%-ы немесе 34 әйел-парламент мүшесі, мемлекеттік қызметте 55%, саяси мемлекеттік қызметшілер арасында 10%- дан астам әйел қызмет етеді. Шағын және орта бизнесте 500 мыңнан аса компанияны әйелдер басқарады» -деді ол.
Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы алдында тұрған басты міндеттер: «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру, 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы индикаторларының орындалуына белсене атсалысу болып отыр.
Іс-шара барысында отандық және халықаралық сарапшылар отбасылық және гендерлік саясат туралы өз ойларын ортаға салды.
Соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова конференцияда айтылған тың бастамалар мен ұсыныстар Ұлттық комиссияның жұмысында қолданылатындығын айтты.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз