KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Алғыс айту күні – мейірімділік мерекесі

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні
Жаңалықтар
2019-03-01

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналып отыр.

Елімізде осымен үшінші жыл қатарынан аталып өтіп жатқан мереке көпұлтты халқымыздың ынтымағын арттырады. Баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығының жарқын мерекесі.

Алғыс айту күнін атап өту арқылы біз, бір жағынан, халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүгіртеміз. Екінші жағынан, адамгершіліктің негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз.

Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын!

Еске сала кетсек, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын.

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз