KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

ҚР әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар

2019 жылғы 27 наурызда «Қазақстанда әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Жаңалықтар
2019-03-27

Шара «Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы және Азиялық даму банкі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында Бейжін декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлесіп дайындаған ұлттық шолу жобасы талқыланды. Шолуда Қазақстан Республикасында түрлі саладағы соңғы бес жылда әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар, 2020 жыл гендерлік теңдікті жылдам іске асыру және барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды жыл, өйткені әлемдік қоғамдастық әйелдердің жағдайы бойынша өткізілген Төртінші Бүкіл дүниежүзілік конференцияның өтуінің және Бейжін декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасының қабылдануының (1995 ж.) 25-жылдығын, 2020 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы Күн тәртібі және тұрақты дамуға қатысты оның мақсаттарының қабылдануының 5-жылдығын атап өтеді.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындаған Бейжін декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасына ұлттық шолудың жобасы таныстырылды. Бұл шолуда Қазақстан Республикасында соңғы бес жылда әйелдер жағдайларын жақсарту бойынша қабылданған шаралар бойынша ақпарат ұсынылған.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз