KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Көрісу мерекесі: бaлaлық шaқтaн естелік

Бaтыс Қaзaқстaн облысы , Қaрaтөбе aудaнының тумaсы, журналист Гүлжaзирa Берікқызының қызықты балдай балалық шағынан естелігін назарларыңызға ұсынамыз.
Жаңалықтар
2019-03-14

Ертең көрісу күні дегенде апам нән табақ бауырсақ пісіреді, домалақ бауырсақтар!.. Балаларға таратуға. Ал мен үй жинау қолымнан келетін кезден бастап далада қақшиып қатып қалған тізесі шығып, ескірген трико тряпкамен құдықтан бір шелек ащы су кіргізіп үй жуып шығам. Бала кезден қалыптасқан ой «Үй шашылып жатса жұрттан ұят болады...»

Сонымен таң атады. 14-наурыз КӨРІСУ күні. Үйде марқұм әжем болғасын алдымен біздің үйге келеді, көрісушілер. Ең ерте келетін көрші Мәкөн мен Қайырбек!!! Малды жайғап тастап шәйларын ішіп келеді-ау деймін. Әйтеуір кейде біз енді-енді тұрып, төсегіміз жиналмай жатқанда олар мамадан километр жақсы тілек естіп шығып кетіп жататын. Содан улаған-шулаған балалар да кіріп-шығып, бауырсақ пен кәмпиттер азаятын. Көшедегі балалар Марат, Қуан, Дархан, Сағатжандар қолындағы пакеттерін толтыратын. Ал, томар басында сәл ересекетеу капитан балдар Мұратжан мен Айбайлар дегустатор! Шетінен жеп, әзіл әңгімелерін айтып томардың басы у-шу болады!!!

Кезек сағат 10 кейін қыздарға келеді. Гүлдана, Әсел,Назгүл, мен, Шынар, Мейрамгүл, сіңілім Гүлсім, Райхан, Фаридалар бауырсақ жинауға шығамыз. Әуелі Құбай қарт, Құрманғали, Шәріп-Қымбат, Жәнияш шешей, Едеш-Базарғаным, Сайынғали қарттардың үйінен бастаймыз. Үлкен Гүлзада мен кішкентай Гүлзада апаларым да главный списокта. Солай қалыптасқан!!! Олар Жұмалиев көшесіндегі ең үлкендері! Кейін по возрасту Ұштап апам, Оңғар, Жалғас, Өтеген, Алпыс ағайлардың үйлеріне барамыз. Мен үшін сосын біздің көшеде кейіннен салынған жаңа үйде тұратын Галимов Серік ағамның үйіне көру арман болатын. Новый үй бір-түрлі сырты әдемі болғасын іші де керемет боп елестейтін. Бірақ ауласында нән овчарка бар, оның үстінде Серік ағамның жұбайы бір түрлі ұрысқақтау көрінетін, содан ол үй көріс күні де алынбайтын қамал болып қала беретін!!! Ал енді бауырсақ кәмпит таусылса Жұмалиевті түгел шарлап кетеміз. Сая ученің, Ғалымгерей мен Баян ученің үйінде әжелер бар. Солардыкіне барамыз. Кәмеш-Мәреш, Жұма апамдарды Ғарапша ағамның анасын да ұмытпаймыз. Хайдар-Клара, Кәбира апамның әке-шешесі құда-қадағайларға да көрісе кететінбіз.

Сосын этаждағы балалар бөлек бір банда болатын. Қалбаңқұлақ Мұратбек бастаған отрядта бала көп. Олар келсе нән табақ ортайып қалатын, сонда ішімнен «туу өзіміздің көшенің балалары бірінші келсе екен, жетпей қалмасын» - деп уайымдап отыратынмын.

Міне, бала кезде есте қалған фрагменттер осындай! Мейлінше пакетті толтырып, әр үйдің бауырсағын мақтап, қарынды тойғызып, әке-шешеміз секілді қонаққа барып үйлердің төрінде отырмасақ та, кімнің үйі қандай екенін шетінен болса да көріп қалатын керемет күн!!!! Қаратөбеде, Жұмалиев көшесінде осылай басталатын. Кешкісін үлкендерше «вечр, қонақтық» әбизателні болатын.     

Көрісу күні!!! 1 жастарыңыз құтты болсын!!!

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз