KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

80 мыңнан астам қазақстандық отбасы жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады
Жаңалықтар
2019-05-04

Ағымдағы жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша «Е-Халық» жүйесі арқылы барлығы 148 649 өтінім (799 032 адам) қабылданды, оның ішінде 100 566 өтініш бойынша оң шешімдер қабылданды, 41 647-і қаралуда. Ең көп өтініш берушілер Түркістан  – 30 382 отбасы (180 179 адам), Алматы облыстарында – 17 698 (93 399 адам) және Шымкент қаласында-17 275 отбасы (88 478 адам) тіркелді. Бұдан басқа, 48 380 (269 330 адам) АӘК алушыларға бұрын тағайындалған сомаларға автоматты режимде қайта есептеу жүргізілді.

Бүгінгі күні жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 84 287 отбасына жалпы сомасы 9,4 млрд.теңгеге төленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.

 

 

Елордада алғашқылардың бірі болып алтын алқа иегері Әсел Әбішева қолдауға қол жеткізді. Әсел Әбішева 8 баланың анасы. Алтын құрсақты ананың қуанышында шек жоқ. Себебі ол бүгін жаңа атаулы әлеуметтік көмектің алғашқы төлемін алды.  

Әсел Әбішева, алтын алқа иегері:

Мемлекеттің бұл көмегіне шексіз қуанып отырмын. Балаларымның несібесі артты. Сегіз балама 186 мың теңге алдым. Бұрын 16 мың теңге, шайлығымыздан аспайтын. Бұдан былай балаларымның қалағанын сатып әпере алатын болдым.

Әсел бала тәрбиесімен үйде отыр. Балаларын жәрдемақы мен жұбайының тірнектеп тапқан мардымсыз табысымен асырап келгендерін айтады. Көпбалалы ана, қазір алыс жамағайынның баспанасын паналап тұрып жатыр.

Енді балаларымның қосымша білім алуына мүмкіндік туды. Олардың дамуына жағдай жасайтын болдық. Өзім де жұмыс істемей-ақ осы қыздарымның тәрбиесімен алаңсыз айналыспақпын. Тек өз баспанамыз болса деп армандаймыз-деді көпбалалы ана.

Елімізде 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген.

 

24.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз