Ұлы іс отбасынан басталады
Аталған іс-шара Тәуелсіздік сарайында болып, келесі бағыттарды қамтыды:
Барлық қатысушыларды қарсы ала отырып, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, қалалық әкімдік «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Бұл құрылымның қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесуге бағытталған. Білікті мамандар 7 бағыт бойынша кеңес береді: Open Space, денсаулық сақтау, білім беру, қол жетімді баспанамен қамту, IKomek базасында Call-орталық, азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы - деді қала әкімінің орынбасары.
Халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің қажеттіліктеріне тоқталған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова мемлекет барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатқандығын айтты. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда: тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда, оқыту гранттары көбірек бөлінуде.
Айта кету керек, шара аясында ұйымдастырушылар отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз