Ұлы іс отбасынан басталады
Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.
Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі де қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік сақтау, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туындаған.
Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын ретінде, саба-саба қымызын артып апарып отырған. Әрине, мұндай дәстүрлер, біріншіден қасиетті дастарханды қадірлеу болса, екіншіден ақты, сусынды қастерлеу дәстүрі.
Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыздың әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады.
Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізіп, құдалық рәсімнің орындалғанын көрсетеді.
«Тойдың болғанынан болатыны қызық» демекші, үйлену салты негізінен, үйленуге дайындық, құдалық, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттардан құралады.
Той - қазақтың қазынасы. Ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап, әр кезеңдегі қуанышын үлкен дүбірмен атап өтіп отырған.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз