Ұлы іс отбасынан басталады
Құжат халықаралық құқықтың балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде Қазақстан қабылдаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген, жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес бала құқықтарын қорғауды басымдықпен қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып әзірленген.
Бастамашылар заң жобасын қабылдаудың өзектілігін балалардың әлсіз топқа айналуымен түсіндірген. Олар жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен (Интернет, ұялы және басқа да байланыс түрлері, цифрлық хабар тарату) ақпараттың теріс ықпал етуіне ұшырап отыр. Жарнама өнімінің айналымы, электрондық және компьютерлік ойындар, кино, бейне, өзге де аудиовизуалдық хабарламалар мен материалдар айналымы кезінде БАҚ, ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып таратылатын ақпарат, көбінесе балаларға психикалық кері әсер етіп, агрессияға, қатыгездікке, қоғамға қарсы әрекеттерге итермелейді. Сондықтан жағдайдың осылайша қалыптасуына ақпараттық өнімнің айналымы кезінде балалардың имандылығы мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктерін заңнамалық реттеу тұрғысынан едәуір олқылықтар әсерін тигізіп отыр.
Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттың түрлері анықталып, балалардың жас санаттары белгіленді, олардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктері ескерілді. Балаларға арналған ақпараттарды жас санаттарына сәйкес, таңбалау міндеттеліп отыр.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз