KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Халықаралық вирустық гепатитпен күресу күні

Вирусты гепатит – жиі таралған және қауіпті ауру түрі. Одан сақтану көп жағдайда емдеуден гөрі оңайырақ. Адамдар, әсіресе, жастар гепатиттің не екенін және бұл аурудан сақтану үшін не істеу керектігін білуі қажет. Ал «қатер тобына» жататындар қайда және қашан профилактикалық көмек ала алатындықтарынан хабардар болуы тиіс.
Денсаулық
2018-07-28

А гепатиті ластану арқылы жұғатындықтан оны жұқтырып алмас үшін қарапайым тазалық ережесін сақтау жеткілікті. Дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолды жуу, жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жемеу, белгісіз су көздерінен шикі суды ішпеу – әдеттегі әр адам білетін сақтық шаралары.

«Қатер тобына» жататын балалар мен ересектер үшін гепатитке қарсы екпе бар. Бірақ ол міндетті екпе күнтізбесіне кірмейді. Екпе егу сондай-ақ мектепке дейінгі және медицина қызметкерлеріне ұсынылады.

Науқастың жұқпалы қаны арқылы жұғатын В және С гепатиттерінің алдын алу шаралары А гепатитінен әлдеқайда ерекше. Ең алдымен жұқпалы ауру жұқтырған адамға жоламаған жөн. Себебі, гепатит вирусын жұқтырып алуға бір тамшы қан жеткілікті. Қан тамшысы болуы мүмкін ұстара, тіс щеткасы және басқа да жеке бас құралдарын бірге қолдануға болмайды. Есіңізде болсын, ине арқылы да жұқтыруға болады. Егер де сіз медициналық мекемеге не болмаса стоматологиялық кабинетке келсеңіз, ондағы барлық ем тек бір реттік құралдармен жасалуын қадағалаңыз.

Жыныс жолдары арқылы ауруды жұқтыру мүмкіндігі төмен болғанымен, бірақ мүмкін. Десек те, бүгіндері вирусты жұқтырғандардың 50 пайызының қайдан және қалай жұқтырғанын анықтау қиынға соғуда.

Қазіргі таңда В гепатитінен қорғанудың ең қолайлысы екпе болып табылады. В гепатитіне қарсы екпе міндетті екпе күнтізбесіне енгізілген. Нәресте дүниеге келердің алғашқы жылында үш екпе салынады. Үш екпенің біріншісі перзентханада нәресте дүниеге келгеннен кейінгі 3 сағат өткеннен соң егіледі. Жасөспірімдер мен ересектердің қалауы бойынша егілетін екпе өз алдына, «қатерлі топқа» міндетті түрде егуді дәрігерлер табанды түрде ұсынады. «Қатерлі топқа» медицина мекемесінің қызметкерлері, қан құйылған және инъекциялы есірткі қолданатын науқастар, В және С гепатитінің вирусы жайылған аймақтардың тұрғындары немесе жолаушылар және де бұл вирусты жұқтырған отбасының мүшелері жатады.

С гепатитіне қарсы екпе жоқ. Сондықтан оның алдын алу шаралары нашақорлықты ескерту, донорлық қанды тестілеу және жасөспірімдер мен жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектеледі.

Вирусы бар науқастармен тығыз байланыста болатын медициналық қызметкерлер жыл сайын вакциналаудан өтіп тұруы қажет. Ең бастысы – медициналық мекемелердің дәрігерлері өз қызметкерлерінің В және С гепатитін анықтайтын скринингтік тексерістерден өтуін жіті қадағалағаны жөн.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз