KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Жауынгерлік парадқа дайындық қызу жүріп жатыр

7-мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылған күніне орай «Отар» 40-шы әскери базасында жауынгерлік парад өтеді.
Мәдениет
2018-05-05

Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

Әскери бөлімшелер қазіргі таңда Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері жарақтанған қазіргі заманғы қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолдануда тактикалық шеберліктерін көрсететін болады.

Жаттығу барысында сап түзеу тәртібі нақтыланып, парадқа қатысушылармен сәлемдесу тәртібі, туды шығару элементтері, сондай-ақ жеке құрамның салтанатты маршпен жүріп өтуі пысықталатын болады.

ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығын ұйымдастыру басқармасының бастығы- Қ.Қазизов:

«Құрлық әскері бөлімдерінің оқу-жаттығу атуларына дайындық шаралары жүргізілді. Олардың қатарында Т-72 танкілері, жаяу әскерлердің соғыс көлігі, «Арлан» жауынгерлік көлігі және десанттық шабуылдау жасақтарының зенитті бөлімдері бар»-деді ол.

ҚР ҚМ Баспасөз орталығы

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз