KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Бүгін - Ұлы Жеңіс күні!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 73 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын -Ұлы Отан соғысы аяқталды.
Мәдениет
2018-05-09

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қастерлі мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып келеді.

Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96- қазақ, Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына басып, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Бүгінгідей бейбіт,  тыныш өміріміз үшін жанын құрбан еткен жандарға алғыс айту - саналы ұрпақтың қасиетті борышы. Ел алдындағы қасиетті борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге мәңгі тағзым етеміз.

Көк аспанмен түстес Туымыз әрдайым биікте желбіреп, бейбіт өміріміздегі Жеңіс күнінің мәртебесі қашанда биік болсын!

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз