Ұлы іс отбасынан басталады
Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру – басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Жүргізіліп отырған мемлекеттік әлеуметтік саясат - қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назар аударуда.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Жыл сайын тіркелген нәрестелердің саны 2-3% ұлғаюда. Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, жыл сайын туылған нәрестелер санының іс жүзінде екі есеге артқаны жайлы айтуға болады.
Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, рухани жауапкершілігін мойындауды нығайтуға көмектеседі.
Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие - бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз