Ұлы іс отбасынан басталады
2018 жылдың 16-қазанында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, БҰҰ Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисары Басқармасының, академиялық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жұмысы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қатысушылар көші-қон мәселелеріне тап болатын балалардың білім алуға, психоәлеуметтік қолдауға және денсаулық сақтауға қолжетімділігі мәселелері ортаға салынды.
Сонымен қатар, құжаттары және азаматтығы жоқ балалардың мәселелерін шешуге көңіл бөлініп, олардың басындағы жағдай білім алуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтенуге қолжетімділігін шектелетіндігі айтылды.
Еске сала кетейік, бағдарламаның басты мақсаты – көші-қон барысында балалардың құқықтарын тиімді қорғауды және қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2021 ж.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз