KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Кастинг! Кастинг! Кастинг!

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалына балалар арасында кастинг жариялады. Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр.
Жаңалықтар
2018-04-11

Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

Қойылатын талаптар:
Ұл бала – 14-15 жас аралығындағы (қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар);
Қыз бала – 11-13 жас аралығындағы (қазақ, әдемі, епті, көңілді, түсірілімдерде тәжірибесі бар).

Бала туралы ақпаратты (аты-жөнін, туған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті astanacasting@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.

kazakhfilmstudios.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз