Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы болып өтті. Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
«Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапxаналарда таратылады. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізу жоспарланған. Сондай-ақ, барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедәрістер топтамасы Қазақстанның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылатын болады.
Алғашқы оқулықтардың ішінде:
- Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»;
- Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» І-томы және «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІ-томы;
- Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы»;
- Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері»;
- Джордж Ритцер, Джеффри Степницкидің «Әлеуметтану теориясы»;
- Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»;
- Дуэйн Шульц, Сидней Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы»;
- Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлеуметтік психология»;
- Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлордың «Экономикс»;
- Дональд Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»; Рикки У. Гриффиннің «Менеджмент»;
- Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»;
- Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе»;
- Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»;
- Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы»;
- Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революциясы» бар.