KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Астана тұрғындары мен қонақтарын тегін экскурсияға шақырады

29 сәуір – 1 мамыр аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жаңалықтар
2018-04-28

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20-жылдығы мен Қазақстан халықының бірлігі күніне орай, 29, 30 сәуір және 1 мамыр күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады.

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:30 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:35 (орыс тілінде);

- сағ. 18:40 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар арқылы: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық музей және«Бәйтерек» монументі.

«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:10 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:40 (орыс тілінде);

- сағ. 18:45 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар арқылы: Ұлттық музей, «Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз