KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде

2018 жылы Қазақстан әлем бойынша бақытты елдер рейтингінде 60-орынға жайғасыпты.
Жаңалықтар
2018-05-22

Есепке сәйкес, мемлекет 5 790 ұпай жинаған. 59-орында 8 810 ұпаймен Ресей, ал Қазақстаннан кейінгі орындарда 5 762 ұпаймен Кипр, 5 752 ұпаймен Боливия және 5 739 ұпаймен Эстония тұр.

Көрші Өзбекстан елі Қазақстаннан әлдеқайда жоғары орыннан көрінді. Аталған мемлекет 6 096 ұпаймен 44-орында, Қырғызстан 5 131 ұпаймен 91-орында, ал Беларусь Республикасы 5 483 ұпаймен 73-орында тұр.

Бақыт индексі бірнеше факторға сәйкес анықталған: адам басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, денсаулық, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, таңдау еркі, кеңпейілділігі, жемқорлыққа деген көзқарасы. Сондай-ақ, ұпай берерде «антиутопия + қалдық» және «сенім интервалы» ескерілді.

Қазақстанның антиутопия көрсеткіші 1,8 ұпайдан асып, жақсы көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, мемлекет әлеуметтік қолдау үшін 1,5 ұпай алды. Адам басына шаққандағы ұпайдың арқасында мемлекет 1,1 ұпайды иеленді. Ал кеңпейілділік пен жемқорлықты қабылдауына 0,15 ұпай берілді. Сенім ұпайы шамамен 0,1 ұпайды құрады.

Лидерлер бестігіне Финляндия (7 632 ұпай), Норвегия (7 594 ұпай), Дания (7 555 ұпай), Исландия (7 495 ұпай) және Швейцария (7 487 ұпай) кірді.

Ал рейтингті бекіткен бестікке Бурунди (2 905 ұпай), Орталық Африка Республикасы (3 083 ұпай), Оңтүстік Судан (3 254 ұпай), Танзания (3 303 ұпай) және Йемен (3 555 ұпай) кірді.

Baq.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз