KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

ҰБТ: Бақ шаба ма, бап шаба ма?..

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
2018-05-23

Оның айтуынша, 2018 жылы ҰБТ 15-ші рет өткізіледі екен. Осы жылдар ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн астам мектеп бітіруші қатысқан.

2017 жылға дейін ҰБТ – 11 жылдық оқуды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау, жоғары оқу орындарына түсу емтиханы және түлектерге мемлекеттік гранттарды тағайындау механизмі функцияларын атқарып келген. Ал өткен жылдан бастап қорытынды аттестаттау мектептерде өткізіліп, ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу болып өзгертілген.

Қорытынды аттестаттау биыл 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өткізіледі. Емтихан 4 міндетті және 1 таңдау пәнінен, жалпы 5 пән бойынша өткізіледі. Барлық емтихандар ауызша, жазбаша және тестілеу түрлеріне бөлінген.

«2018 жылы ҰБТ форматы өзгермейді, яғни былтырғы жылғы форматқа сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ның өткізілу мерзімі және берілетін тест сұрақтарының саны да өзгермейді», — деді білім және ғылым министрі.

ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Барлық тест сұрақтарының саны — 120. Максималды балл — 140. Шекті балл — 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл жинау қажет.

Осы жылғы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің саны 102 442 немесе жалпы бітірушілер санының 70%-ін құрайды екен. Оның ішінде 77 мың (76%-і қазақ тілінде), 25 мыңы (24% — орыс тілінде) тапсырады.

Тест тапсырушыларға арналған жағдайды жақсарту мақсатында биыл келесі жаңалықтар енгізілуде:

  • әр түлекке ҰБТ сертификатымен бірге, бейіндік пәндердің комбинациясы бар ақпараттық парақшаны беру;
  • қандай мамандықтарға баруға болатыны туралы мамандықтар тізімі;
  • ҰБТ-ға дәлелді себеппен қатыса алмаған жағдайда ҰБТ-ны келесі лекте тапсыру немесе КТ тапсыру мүмкіндігін беру;
  • ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды жеке көмекшімен, сондай-ақ сурдоаудармашы мамандарымен қамтамасыз ету;
  • Қазақстан бойынша тегін қоңырау жасауға болатын бірыңғай call-орталықты іске қосу.                                                                                                     

Бұдан бір жарым ғасыр бұрын Шоқан бабамыз: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеу үшін ең алдымен, азаттық пен білім керек» деген екен. Азаттыққа қолымыз жетті. Енді тәуелсіздік туын биік тұғырға асқақтатқан Қазақстан Республикасының бүгіні мен ертеңі, тынысы мен тіршілігі ендігәрі оның ең басты қазынасы – ҚР азаматының біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты болып отыр. Осы ҰБТ арқылы жастар жоғары оқу орнын таңдап қана қоймай, алдағы кәсібін де нәсіп етеді. Бабынмен қатар, бағын да қатар шапсын, жас түлек дейміз!..

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз