Ұлы іс отбасынан басталады
Алдын-ала хабардар болмаған қазақстандықтар науқанға қатысуға, «тәрбиелеу құралдарын» сатып алуға шақырылды. Науқанның промоутері болып театр актрисасы, әрі екі баланың анасы Анастасия Тарасова ойнады. Ол көшеде өтіп бара жатқан адамдарға белбеу, тәпішке және өзге де «тәрбиелеу құралдарын» сатып алуды ұсыну кезінде олардың «артықшылықтарын» айтып сендіруге тырысты:
«Мына былғарыдан жасалған белбеу арқылы балаңызды тәрбиелесеңіз, көп ұзамай бала тілалғыш болады». Жасы кіші балалардың ата- аналарына, актриса «тәпішке» ұсынса, ал жылауық немесе көп сөйлейтін балалар үшін скотч сатып алуға кеңес берді.
Провокациондық эксперименттің мақсаты - балаларға зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселесіне назар аудару. 2016 жылғы зерттеудің мәліметтері бойынша, Қазақстанда ересектердің жартысынан көбі балаларды жазалау ретінде, күш қолданатындары анықталды. Алайда, әлеуметтік эксперимент көптеген ата-аналардың балалардың тәрбиесіне алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізіп, позитивті тәрбиені қолдайтындарын көрсетті. «Мен бұл заттардың бәрін өртеп жіберуді ұсынамын», - деді экспериментке қатысушы адамның бірі.
«Белбеу мен ұрып-соғу баланың денесінде ғана емес, оның жан дүниесіне де кірбің салады. 10 жағдайдың барлығында дерлік сіз келешекте көптеген ауруға шалдыққан, әрі қорқақ баланың өсетініне сенімді болыңыз», - деп Анастасия Тарасова соңынан ата-аналарды ақпараттандырды. Бұл деректі балаларға қатысты зорлық-зомбылық салдарын көп жыл бойы зерттеген медициналық зерттеу нәтижелері дәлелдейді.
Әлеуметтік эксперимент «Есті! Әңгімелес! Құшағыңа ал!» компаниясының бір бөлігі. Науқан ЮНИСЕФ-тің, Адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі Өкілеттіктің, Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комитеттің бастамасымен іске асырылуда.
Сарапшылардың айтуынша, балаларға қатысты күш қолданудың кез келген түрі өсіп келе жатқан баланың миына зақым келтіреді. Зорлық-зомбылықтың салдары, жылдар өткен соң байқалып, ересек өмірде адамның физикалық, эмоционалдық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ЮНИСЕФ коммуникациялық науқаны балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде зорлық-зомбылық әдістеріне жол берілмейтіндігі, осы мәселедегі тәсілдемелерді, нормаларды және қағидаларды өзгерту қажеттілігі жас ата-аналардың, сонымен қатар барлық қоғамның хабардарлығын жоғарылатуға бағытталған.
ЮНИСЕФ 2010 жылдан 2016 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге жүргізген зерттеулер сериясына сәйкес, Қазақстанда ересектердің шамамен 75%-ы отбасындағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін дене жазалауын қолдайтыны, ал ата-аналардың 67%-ы балалардың тәрбиелеудің зорлық-зомбылық түрлерін қолданатындығы анықталды.
Қазақстанда «111» және «150» балаларға арналған екі ұлттық жедел желісі бар, олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын тіркейді және инстанциялар бойынша табыстайды. Алайда анықтау, хабарлау, тіркеу және үн қату механизмдері бұрынғыдай жеткіліксіз дәрежеде дамыған. Коммуникациялық науқан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қолданылатын реформаларды қолдайды және ата-аналарға да, балалармен жұмыс жасайтын мамандарға да балаларды жағымды тәрбиелеуді дамытуға жағдай жасайды.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз